11.09.2022
92
ӨТЕДІ ТАЛАЙ ҒАСЫР
Төңкерілген көк күмбез, ақ аспаным,
Талпынады сен жаққа сан асқарым,
Көрдім шыңның көкпенен таласқанын,
Ұсақтықты сен болып аластадым.
Бауырыңда бұйра бұлт бұлқынады,
Түйіліп тұр көз жасын іркіп әлі.
Көңіл кірі көл болып төгіледі,
Тасасынан күлімдеп Күн шығады.
Тарамыс тау алыстан мұнартады,
Сүйсінді қарт қыздырып Күн арқаны.
Басы биік шыңдарға басын иіп,
Гүл етегін қылжақ Күн қызартады.
Күн келіп тау мойнына асылады,
Жер шеңбер бәйек болып жасырады.
Осылай сеземін мен,
кезегімен
өтеді талай-талай ғасыр әлі.