11.09.2022
  92


Автор: Сағыныш Намазшамова

Жарамсақтың қолын ап...

Жарамсақтың қолын ап,
Жылмақаймен бір жүрем.
Маңдайымды соғып ап,
Маңайымды күлдірем.
Ақымаққа қол соғам,
Ақыл тыңдап аярдан.
Боркеміктеу болса адам
Бетін бұрар қай арман?
Өзімшілді мадақтап,
Өктемдікке «құп» дедім.
Өкініші көп өмір,
Осы ма еді күткенім?!
Кеңпейілге төрімді
Ұсына алмай дірілдеп
жатыр едім, түкті қол –
тұншықтырды түнім кеп.
Сөйтсем,
мұным - өзіммен
өзім кеппін бетпе-бет.
Қарау үшін қасқайып,
Қансыз қалың бет керек.





Пікір жазу