11.09.2022
  105


Автор: Сағыныш Намазшамова

Назарыңызға қарасам...

Назарыңызға қарасам,
Нұрына жаным жуынар.
Базарыңызға қарасам,
Тарқамаған шуы бар.
Азабыңызға қарасам,
Арқалаған нуы бар.
Маңдайыңызға қарасам,
Бақ пенен соры алмасқан,
Таңдайыңызға қарасам,
Асыл сөз төккен алмастан.
Аужайыңызға қарасам,
Жақыбай тірлік жалғасқан.
Бишігіңізге қарасам,
Бұрымындай бикештің,
Түйсігіңізге қарасам,
Шыңырау көрген күй кештім,
Сүйсінуіңізге қарасам,
Тартқан жоқ мұндай сыйды ешкім.
Қайратыңызға қарасам,
Қыран қанаттық қомы бар,
Айбатыңызға қарасам,
Жолбарыстай жоны бар,
Тайлы атыңызға қарасам,
Кестелі кежім-тоны бар.
Айтып-айтпай не керек,
Тірі пенде жоқ мені ұғар!





Пікір жазу