11.09.2022
  106


Автор: Сағыныш Намазшамова

Кірпігіңнен көркем емес...

«Кірпігіңнен көркем емес,
Көздеріңнен терең емес», -
деші маған жалғанды.
Сонда маған керек емес,
керек емес жар мәңгі.
«Күлгеніңе татымайды,
Бір меңіңе тұрмайды, - де –
шартабақтай шар мына».
Сонда өзімді айыптаман,
Жайып салсам алдыңа.





Пікір жазу