11.09.2022
151
![](/uploads/shorttexts/author_image/36-2.jpg)
СҮЙІНШІ
Жақсылықтың жылы лебі
сезілгенде арманым
қуаныштан жүгіреді
тастай салып балдағын.
Күңгірт тартқан кеудесінде
шөккен шабыт шырқап ән.
Жүдеу жанын емдесін деп
Біреу шығар жұмсаған.
Алақанын соғып аспан,
Төкті-ай бүгін ақ нұрын.
Еш ырымға жорымастан
Жүрек тулап жатты мың.
Білсем, сонда миымдағы
мың клетка оянып,
Қайта өзіме бұйырғаны
бағым шығар,
ол анық.