11.09.2022
124
ӨМІР, ӨМІР...
Көз алдымда көлбейді
бір қараңғы, бір жарық.
Жарығына жуынам,
Қараңғыға былғанып.
Жұмыр басқа жұққыш
-ақ
Жер
-жаһанның күйесі.
Кір түріммен «Кеудемді
кірпігіңмен сүйеші»,
-
деп жалынам қызармай
қызып тұрған нұр
-Күнге.
Өлермендік менікі,
Өмір не өзі, білдің бе?
Өмір деген
– дәл менің
өзім емес, көшірмем.
Өз керегін алып қап,
өзгелерін өшірген.
Өмір деген
– дәл менің
Арманымның нобайы,
Орындалу үшін сәл
Келмей қалған орайы
.
Өмір деген
– ол менің
Аласы көп адалым,
Құбылаға бұрылған
Жамылғысыз жамалым.
Өмір деген
– тамырдай
тарам
-тарам жолдарым,
Биялайсыз жалаңаш
Отқа кірген қолдарым.
Тақтасындай дойбының,
Тағдыр осы бағзыдан.
Былғадың деп несіне
Құрбаның боп жазғырам,
деп келетін тәубеме,
кек көметін кезім мың.
Қараңғыны жарыққа
жалғап жатып көз ілдім.