11.09.2022
106
Тұрса да әлі сағынышы басылмай....
Тұрса да әлі сағынышы басылмай,
Сілкілеген сілбі шаққа бас ұрмай,
Құс қанаты суылынан шашылған
жапырақтар – күздің селдір шашындай.
Қыркүйектің құшағында сарғайған
Сары қыздың көкейінде сарнайды ән –
Самайына ақ түсіріп, ертең-ақ
Сорап жолдан күтеді деп сан майдан.
Шаңырақтың тоғынындай толған Ай,
Үркер неге үрпиеді? Тоңғаны-ай.
Керекпін деп күпісі жоқ жандарға,
Теректің кеп бұтағына қонды арай.
Жер бауырлап жатып алды сұр тұман,
Қажет болса, мақтасынан жыртып ал.
Қыс қарақшы қалт жібермей торып жүр
Қамсыз көшкен күз-керуен сыртынан.