11.09.2022
  79


Автор: Рза Қунақова

Шұғыласы алтын арайлы...

Шұғыласы алтын арайлы,
Ару Күн көктен қарайды.
Гүлдерді нəзік аймалап,
Таңғы нұр жерге тарайды.
Ұйқыдан дала оянды,
Көк нілге шөптер боялды.
Сайрайды бақта бұлбұлдар,
Басталғандай той алды.
Тұрғандай күн, түн аңдысып,
Шөптердің беті – таңғы шық.
Шұбатылған түтіндей,
Бір құйын шықты шаң құшып.
Таңғы араймен нұрланып,
Тұр еді дүние бір қалып.
Жылжиды құйын жолменен,
Адасып мұнда жүр нағып?





Пікір жазу