11.09.2022
  111


Автор: Рза Қунақова

АҚ МАМЫҚ ҚАУЫРСЫНДАР

Табиғат аяйды екен неге бізден,
Жапалақтап жаушы, қар, төбемізден.
Ақ қырау ақ көбелек секілді бір,
Үлбіретіп кекілге қадасын гүл.
Ақ опа жағылғандай тау мен тасқа,
Болыпты шоқы, шыңдар ала қасқа.
Үлбіреп ақ қайыңдар жас келіндей,
Ақ ұлпадан қалыпты қас көрінбей.
Ақ мамық қауырсындар жарыса ұшып,
Жолдарға төселуде көктен ұшып.
Ақ түбіт аспаннан жай шашылғандай,
Көрейік көктен түскен шашу қандай.
Беттен сүйер қыста аяз керек мұндай,
Жау ақ қар, жапалақтап кебек, ұндай.
Табиғат қарды аясын неге бізден,
Ақ көбелек ұшсын да төбемізден.
Ақ қырау ақ көбелек секілді бір,
Қадасын үлбіретіп кекілге бір.





Пікір жазу