11.09.2022
  89


Автор: Рза Қунақова

ТЕҢІЗДЕ

Теңізге қараймын тесіліп,
Кішкене жарқабақ жағадан.
Су қайнап, толқындар есіріп,
Басталды бір қимыл жаңадан.
Бұзылды кенеттен тыныштық,
Бір дауыл теңізде басталды.
Айнала тұр еді тыныс қып,
Толқындар лақтырды тастарды.
Сөйтсе де кенеттен бəсеңдеп,
Ашудан сұрапыл айықты.
Əкелдім жағаға əсемдеп,
Жеп-жеңіл ыңғайлы қайықты.
Алдымда сылаңдап сағымдар,
Қусам да жеткізбей барады.
Қайықты жұлқылап ағындар
Бесіктей тербетіп алады.
Теңселіп толқында келемін,
Желмая тəрізді қайығым.
Қағазға түскен соң өлеңім,
Мен-дағы дауылдан айығам.





Пікір жазу