11.09.2022
  81


Автор: Рза Қунақова

РИЦА КӨЛІНДЕ

Осы бір көл аумайды,
Өзіміздің Есіктен.
Үстінде Күн аунайды,
Сапарынан кешіккен.
Үш тау бар жан-жағында,
Ортасында көл жатыр.
Алматының бағындай,
Бауырында ел жатыр.
Ғайыптан келіп тағы да,
Есік көл түсті есіме.
Толғау салып жаныма,
Қонақтатқан төсіне.
Рицца жатты сылдырап,
Қарадым оған құрметпен.
Сұлулық деген бір жұмбақ,
Шешімін таппай тұрды, əттең.





Пікір жазу