11.09.2022
  113


Автор: Рза Қунақова

Мен білемін тау елінің жатағын...

Мен білемін тау елінің жатағын,
Мен білемін тау елінің атағын.
Асып қойған алмас қылыш тəрізді
Шың басынан сырғып барып батар күн.
Көз ұшында көрінгенмен тау жырақ,
Түнге қарай тыным алар маужырап.
Дамыл таппай ағады тек бал бұлақ
Сыбдыр қағып қол соғады бау, құрақ.
Құлпырады тым ерекше гүлдері,
Толып жатыр оның ғажап түрлері.
Жұпар иісін түнге қарай шашады,
Киік оты мен көк аршаның бүрлері.
Осы күні болсақ та біз қалалық,
Тауда өсіп, тауда қалған бабалық.
«Таудай бол» деп бата берер үлкендер,
Асқар тауға сияр ерлік, даналық.





Пікір жазу