11.09.2022
  144


Автор: Рза Қунақова

ЖҰЛДЫЗДАР СӨНБЕЙДІ

Ақ кездіктей жалтырап,
Жұлдыздар көкте сөнбейді.
Жарқырап сансыз шамшырақ,
Өшіргенге көнбейді.
Шарт сынды аспап күркіреп,
Жұлдыздар бұлтқа ықтады.
Толастап жаңбыр сіркіреп,
Кемпірқосақ та шықты əне.
Жымыңдап жұлдыз, Ай шықты
Серуендеп аспан төсіне.
Жазам деп өлең айшықты,
Қараймын үнсіз тесіле.
Күнім жоқ қалған көз тікпей,
Жұлдыздар мəңгі сөнбейді.
Жарқырап алмас кездіктей,
Ақын да, жыр да өлмейді.





Пікір жазу