11.09.2022
  99


Автор: Рза Қунақова

ҚҰЗДАҒЫ ЖАРТАС

Сеңсең бір бөрік кигендей,
Шыңдағы құзар жартастар.
Төбесі бұлтқа тигендей,
Жақпар да жақпар нар тастар.
Көк жасыл орман маужырап,
Шыңдарға қолын созғандай.
Жеткізбейді тау жырақ,
Шыршалар тұр қозғалмай.
Жартастарға құздағы,
Бейнелер түрлі қаптаған.
Жас жігіт, ару қыздарды,
Көрсін деп ұрпақ сақтаған.
Көрменің залы секілді,
Тақтайы тастар шыңдағы.
Аңыз боп қалған не түрлі,
Өтсе де жылдар мыңдаған.





Пікір жазу