11.09.2022
  83


Автор: Рза Қунақова

БҰЛТ ПЕН НАЙЗАҒАЙ

Ақ шуда – бұлт көтерілді аспанға,
Дөңгелеп күн Алатаудан асқанда.
Əлде қайдан құмды құйып құтырды,
Басын ұрып тауларға да тастарға.
Жас шыбықтар желден ығып майысты,
Дауыл тұрып ақша бұлттар ойысты.
Көтерілмей сонау шырқау биікке,
Қарлығаштар жер бауырлап жай ұшты.
Ақ шуда – бұлт шүйке болып топтасып,
Ортасынан найзағайлар от шашып.
Ақ нөсердің дирижері – ақша бұлт
Беташарын гүл көктемнің өтті ашып.





Пікір жазу