11.09.2022
  87


Автор: Рза Қунақова

Қандай ғажап дауыстар тау кешінде...

Қандай ғажап дауыстар тау кешінде,
Құстар хоры əрбір қырдың төсінде.
Бұлар жыры төмен қарай асықса,
Сүңгі бұлттар тыңдар мүлгіп түсінде.
Нар таулардың сыры көп қой ұға алсақ,
Шыңдарына шығып байқап тұра алсақ.
Ұрасында ыңыранса тоқ бөрі,
Пысылдайды жалқау аю бал аңсап.
...Таудай маңғаз адамдардың бейнесі,
Көз алдыма елестейді кейде осы.
Көкірегі əн мен күйге толмаса,
Алыптарға сөз бе өмір – дүние осы!





Пікір жазу