11.09.2022
  70


Автор: Рза Қунақова

Кетпестей ойдан көктемнің ғажап кеші еді...

Кетпестей ойдан көктемнің ғажап кеші еді,
Саумалдай самал құба белдерден еседі.
Қиыршық қара топырақ майдай тобарсып,
Қазбауыр бұлттар таулардан тарғыл көшеді.
Кілкіген майдай дірілдеп қана көл беті,
Алаудай жалқын, бататын күннің келбеті.
Төбелер бөрік көлеңкелерге тығылып,
Жібек жел есті гүлдерді оттай тербетіп.





Пікір жазу