11.09.2022
  106


Автор: Рза Қунақова

Дегендей білем, дала, сүйем сені...

Дегендей білем, дала, сүйем сені,
Көрінді көкжиектен күн еңселі.
Маржандай тізіліпті қайтқан қаздар,
Сайраңдап жер мен көкте кілең сері.
Шашқандай алтын опа жер бетіне,
Ақ бурыл сағым көшті тербетіле.
Даланың найза жалды толқындары,
Жерімнің жарасады келбетіне.
Жалбыр тау бүгін жазбен қоштасыпты,
Жолдарды астық артқан көш басыпты.
Толқытып жан дариямды бозаң далам,
Шалқытып шабытымды, күш тасытты.
...Қырманға құйылса кеп мың аунап нұр.
Құйылып қызыл дəндер қылаулап тұр.
Аңшыдай өз-өзімен кеңес құрған,
Жаутаңдап жалғыз ақын жыр аулап тұр.





Пікір жазу