11.09.2022
  99


Автор: Рза Қунақова

Керімсал көктем – құштарым...

Керімсал көктем – құштарым,
Келіпті-ау сері құстарым.
Құстарға сонау ілесіп,
Қалықтап көкке ұшты əнім.
Аққулар қонып көліме,
Əкелді шаттық жеріме.
Керуендей шұбап ақ қаздар
Ұшады маңғаз керіле.
Суретші-ау шебер, ғажабы
Даламда көктем ажары.
Əн болып мынау дүние
Басталды көктем базары.





Пікір жазу