11.09.2022
  128


Автор: Рза Қунақова

БАЛҚАШҚА

Міндім де қайығыңа кеттім жортып,
Толқыннан ойнақтаған тұрмай қорқып.
Көз жетпес ол шетің мен бұл шетіңе,
Тарих жаратыпты сені зор қып.
Жыландай иреңдейді толқындарың,
Жыр келді көкейімен толқып жаным.
Жарыса қайықтағы меніменен
Барады көл бетінде жортып сағым.
Толқынның түбінде ойнап балықтарың,
Жарыса жүзсем де ұзақ жалықпадым.
Балқашым, құлаш жайып айдыныңда
Келеді қалықтағым, қалықтағым.





Пікір жазу