11.09.2022
132
АҚ БОРАН
Жамылып жатыр дала аппақ тонды,
Ұйтқыта соқты боран алдымыздан.
Ақ түтек көрсетпейді үлкен жолды,
Жасқанар емеспіз біз қарлы мұздан.
Тайсалмай ат шанамыз ақ бораннан,
Келеді киіп-жарып алға асығып.
Дала да сықырлайды қарға оранған,
Көрсетпей таныс жолды тұр жасырып.
Сіресіп дала жатыр маңғаздана,
Сыр бермес, жыла мейлі, өксі мейлі.
Төбесі шоқылардың жалғыз ғана,
Бейсуат жолаушыға жол сілтейді.