11.09.2022
93
ШОПАН ҚЫСЫ
Ұйтқиды келіп, дес бермей,
Аштырмас түтек көзіңді.
Осынау күнді ескермей,
Шопан жүр түзде төзімді.
Бораннан ығып қойлары
Баспайды алға аяғын.
Ысқырып жел де қоймады,
Ұлиды келіп баяғы үн.
Күйлі еді баққан отары
Жеңілер емес дауылдан.
Ұмыт боп күннің батары
Кетіпті ұзап ауылдан.
Ентелеп алға асығып,
Ұйтқиды түтек топан да.
Боран тұр бəрін жасырып,
Адасар одан шопан ба?