11.09.2022
  102


Автор: Рза Қунақова

Таулы жерде туғанмын мен, тау елінің қызымын....

Таулы жерде туғанмын мен, тау елінің қызымын,
Қоңыр таулар қолтықтасқан, қанша сенің қызығың!
Құс керуені түстікке ұшқан сапта тұрған солдаттай,
Көрінеді көк жүзінен қаралары үзіліп.
Күзгі мизам дірілдейді билегендей қыр басы,
Шыңға көшіп келе жатыр сұр бұлт –
күздің құрдасы.
Жадыра-жаз сұлуды қимағандай күз-батыр,
Күрсінгенде мөлтілдеп жанарында тұр жасы.





Пікір жазу