11.09.2022
  100


Автор: Рза Қунақова

Таппайды ешкім бабыңды...

Таппайды ешкім бабыңды,
Бір досың жоқ жағымды.
Көтересің көкке өзіңді
Олар саған не қылды?
Басқаны кеще санайсың,
Білгішке өзіңді санайсың.
Сəлемін алмай, кісімсіп,
Маңғаздана қарайсың.
Достарың қимай іздейді,
Бəрібір күдер үзбейді.
«Сен» деуді де ұмытты,
Кездескенде «сіз» дейді.
Жүрсең-дағы шіреніп,
Жабырқаулы реңің.
Кірпіден қашқан жыландай
Қаларсың жалғыз, білемін.





Пікір жазу