11.09.2022
  84


Автор: Рза Қунақова

ЖІГІТ АРМАНЫ

Сөзің жылы, майдай жағар,
Айдай жүзің Күнге теңдес.
Қара көзің күлім қағар,
Сен қарасаң, қалмайды ес.
Жарасатын нұр жүзіңе
Алқа болсам шашыңа мен.
Ұйқы келсе қос көзіңе
Жастық болсам басыңа мен.
Түн ұйқыңды күзететін,
Сақшы болсам қасыңдағы.
Сын да көп қой біз өтетін,
Қинама ару, ашыл-дағы.
Су себелеп жолдарыңа,
Күтіп алсам күнде кешке.
Ұстайсың ба қолдарыңа,
Болсам егер мен гүлдесте?
Жолаушыдай жолға асыққан
Не, бұрылмай өтесің бе?
Арылмаған сор ғашықтан
Əлде, рақым етесің бе?





Пікір жазу