meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  11.09.2022
  121


Автор: Рза Қунақова

Ақ кездіктей жалтырап...

Ақ кездіктей жалтырап,
Жұлдыздар мəңгі сөнбейді.
Жарқырап сансыз шамшырақ,
Өшіргенге көнбейді.
Жымыңдап жұлдыз, Ай шықты,
Серуендеп аспан төсіне.
Жазам деп өлең айшықты,
Қараймын үнсіз тесіле.
Күнім жоқ қалған көз тікпей,
Жұлдыздар мəңгі сөнбейді.
Жарқырап алмас кездіктей
Ақын да, жыр да өлмейді.





Пікір жазу