11.09.2022
  92


Автор: Рза Қунақова

АҚ СҰҢҚАР БОЛСАМ

Ақ сəуле болсам,
Гүлдерге нұрым түсетін.
Бал шырын болсам,
Аңсаған адам ішетін.
Ақ сұңқар болсам,
Биікке ғана ұшатын.
Сағыныш болсам,
Ғашықтар аңсап құшатын.
Көк теңіз болсам,
Сағым мен толқын жарысқан,
Көк тоғай болсам,
Аясында арман табысқан.
Көкшіл тау болсам,
Алыстан сонау мұнартқан.
Көгал жай болсам,
Жүректер əсте құмартқан.
Ақ бұлақ болсам,
Ағатын шыңнан сылдырап.
Ақ сағым болсам,
Жеткізбей тұрар бұлдырап.
Ақ арман болсам,
Əлсіздер маған жетпейтін.
Сандуғаш болсам,
Бақтардан сайрап кетпейтін.





Пікір жазу