11.09.2022
  136


Автор: Рза Қунақова

О, шабыт! Маған жиі келесің бе...

О, шабыт! Маған жиі келесің бе,
Шумақ-шумақ жыр сыйға бересің бе?
Найзағай өзің болып, мен нөсердей
Төгіп-төгіп жіберсем, көнесің бе?
Өлеңмен егізбін ғой тегінде мен,
Кей-кейде өз-өзімнен тебіренем.
Ақындар, айтыңдаршы өлең жайын,
Тумайды өздігінен тегін өлең.
Қуантып, жылатады кейде сені,
Шумақтар əр алуан кездеседі.
Жүрегіңнен жазылған жыр болмаса,
Ғашықтар махаббатты сезбес еді.





Пікір жазу