11.09.2022
105
Алданыппын біреулердің сөзіне...
Алданыппын біреулердің сөзіне,
Таңданыппын кейбір жанның көзіне.
«Сатып алған аурудың емі жоқ», –
Деп ренжимін кей күндері өзіме.
Сыйласудан не пайда, шын ұқпаса,
Тек көлгірсіп, сөзбен көңіл жықпаса.
Сəл мүлт бассаң, табалауға əзір ол,
Мінін айтып, көңілінен шықпасаң.
Кемшіліктің бəрін тізіп байқаған,
Дос боп жүріп, сəл қиналсаң, тайқаған.
Құбылмалы, ауа райы секілді
Қалай сені «жан досым» деп айта алам?