11.09.2022
184
Қайран анам...
Қайран анам,
Сенің күлкің, наз үнің
Əлі менің жадымда.
Сағынамын,
Жоқ болғасын жанымда.
Қайран анам,
Үлгі боп қалды өмірің,
Ұялап мəңгі жадымда.
Қайран қалам,
Күндерім еске түсіп,
Сайраңдаған
Сұлутөрдің басында.
Қайран анам,
Ғұмырың қысқа болды.
Сен барда
Мен ештеңе ойламағам.
Күнің жоқ мені
Айналмаған.
Сағынғаннан сені,
Көздерім жасқа толды.
Тағдыр саған ұсынды
Басқа жолды.
Жүзіңді жайраңдаған
Сағындым, қайран анам.