11.09.2022
  111


Автор: Рза Қунақова

ОЯТЫП ƏНМЕН АЛАЙЫН

Дүрсілдеп жатыр жүрегің,
Кім екен арман-тілегің?
Қарашы күлім көзіңмен,
Сырыңды сонда білемін.
Айналдым асыл көркіңнен,
Қалайсың кімді еркіңмен?
Жалт етіп, жаным, бір қара,
Айықсын жүрек дертінен.
Өзіңе мəңгі құмармын,
Кездеспей қалай шыдармын?
Ояншы, сəулем, ұйқыңнан,
Оятпай қалай тынармын?
Бір сəтке ашшы көзіңді,
Айтсаңшы жылы сөзіңді.
Жымиып, сəулем, қарашы,
Жоғалттым сабыр, төзімді.
Талғанша көзім қарайын,
Əніңді сүйген салайын.
Ұйықтасаң, жаным, ұйықтай ғой,
Оятып əнмен алайын.





Пікір жазу