11.09.2022
94
Танымайтын жандай боп, қарамадың...
Танымайтын жандай боп, қарамадың,
Сəлем деуге қол беріп, жарамадың.
Ұзап барып соңымнан қарап тұрдың,
Сау жанымды сен солай жараладың.
Деме мені – басқадан күйі бөтен,
Жұмысыңның қасынан жиі өтем.
Əйел жанын сезбестер, жарымжан ғой,
Мен Қозыдай жігітті сүйіп өтем.