11.09.2022
  106


Автор: Рза Қунақова

Тосыннан қалдың маған қайдан кез кеп...

Тосыннан қалдың маған қайдан кез кеп,
Шырқатып салшы əніңе – «Айнамкөзге».
Ботадай жетім қалған жабырқаулы ем,
Терең ойдан шығайын сайрап кезге.
Тотыдай тордан шыққан серпілейін,
Маралдай көктемдегі мен түлейін.
Əнші менен ақынның арманы бір,
Бақытымды өзіммен тең тілейін.
Əнге сал, ауыр ойдан арылайын,
Баспасын ешқашан да сары уайым.
Əн мен күй – көңіл ашар жан дауысы,
Мен де бүгін ағымнан жарылайын.
Жарылайын, əніңе табынайын,
Алып кетсең, аңсайын, сағынайын.
Асаудай құрықталмас құрбың едім,
Əнің үшін тек саған бағынайын





Пікір жазу