11.09.2022
120
Кейде сая таппайды шырқау көңіл...
Кейде сая таппайды шырқау көңіл,
Қайғы ауыр, көтеруге бір тау жеңіл.
Серуенге щығып едім сергиін деп,
Көңілге күз орнатты мылқау өңір.
Ақ қарсыз жатыр үнсіз тарғыл жондар,
Тым-тырыс қысқы ұйқыда тарғыл жолдар.
Қарағайлар солдаттай сапта тұрған,
Келе жатқан сияқты сан мың қолдар.
Атқылап жартастардан мөлдір бұлақ,
Өзенге қосылуда таудан құлап.
Көкжиектен көз тартса бозала нұр,
Қарсы алдымда көсіліп жатыр қырат.