11.09.2022
  89


Автор: Рза Қунақова

Ақ боз үйге сүйеніп қарап тұрдым...

Ақ боз үйге сүйеніп қарап тұрдым,
Білдірмей жұлдыздарды санап тұрдым.
Байқадым, кеткің келмей сылтауратып,
Жаңбырдың тез жауғанын қалап тұрдың.
Кездесудің қалып еді реті келіп,
Жел соқты Қордай жақтан екіленіп.
Долы жел, бұлттарды да қуа көрме,
Жаралама жүректі екі бөліп.
Амал не, бұлт та көшті, тамбай тамшы,
Сен едің адасқан боп келген аңшы.
Сездім мен қайта айналып келеріңді,
Ұмыт боп үйде қапты сенің қамшың.





Пікір жазу