11.09.2022
  104


Автор: Рза Қунақова

Тез сөнген əлсіз шырақты...

Тез сөнген əлсіз шырақты,
Ебі бар адам жандырар.
Көзін ашсаң бұлақтың,
Сусынын жұрттың қандырар.
Аямас күйген жерді кім,
Кейдейсоқ оттан өртенген.
Қайғыға батсаң сен бүгін,
Қуаныш күт ертеңнен.
Бəрін де жеңдір төзімге,
Жеткізер шыдам мұратқа.
Болмасын у сөзіңде,
Басқаға шашып жылатпа.
Ақ көңілге дақ салма,
Ашыған сүттей іриді.
Жаманға сыр ақтарма,
Хабардар етер мың үйді





Пікір жазу