11.09.2022
143
Сыр айтатын дос азайды бұл күнде...
Сыр айтатын дос азайды бұл күнде,
Доссыз жəне өмір сүру мүмкін бе?
Кеше біздер құс базары секілді
Көп едік қой, қайда кеткен бір түнде.
Бəріміз де сияқты едік ақылды,
Сыйлай-тұғын ортада бір ақынды.
Сəби көңіл, сайран салған кездер-ай,
Келісетін не айтсаң да мақұлды.
Бірі қостап, бірі іске асырып,
Көрмеп едік ешбір сырды жасырып.
Ел едік біз, қол едік қой бір қауым,
Көрмеп едік жылпостарға бас ұрып.
Бүгін, міне, əркім таңдап өз жолын,
Болғандаймыз танығандай оң-солын.
Əлсізің жоқ, мықтысыңдар бəрің де,
Қайда сонда досқа ұсынар шын қолың?