11.09.2022
  86


Автор: Рза Қунақова

Тамсандырып маңыңды...

Тамсандырып маңыңды,
Шырқа, жаным, əңіңді,
Естіген жан елтісін.
Қыран қонған шыңдар,
Құралай құшқан қырлар,
Самалымен желпісін.
Жарты айдай қабағың,
Мақтадай ақ тамағың,
Қайың кірпік иілсін.
Бөле күйге маңыңды,
Əуелетші əніңді,
Естіген жан сүйінсін.
Ашылсын қабақ түйілген,
Кетпесін жылу үйімнен,
Жаңылма əн, күйіңнен.
Мен бір қыран шүйілген,
Шықсам да қанша биікке,
Өнерге басым иілген.





Пікір жазу