meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  11.09.2022
  1310


Автор: Рза Қунақова

НАҒАШЫ

«Келмейсің», – деп өкпе айтар нағашылар,
Жиенге берер түрлі сыбағасы бар.
Қарлығаштай су сепкен қанатымен,
Сүйей-тұғын солар ғой, жанашырлар.
Ауыр сөз айтпас тіптен жиеніне,
Таңба түсіп қалардай сүйегіне.
Шағылса тауым кейде қапылыста,
Мен сенемін солардың сүйеуіне.
Өмірде көп болсыншы нағашылар,
Əрбірінің өзіндік бағасы бар.
Жиендер бақытты ғой, еркелейтін
Алдында нағашы, ата, ағасы бар.





Пікір жазу