11.09.2022
  81


Автор: Рза Қунақова

Бала кезден биікке жаным құштар...

Бала кезден биікке жаным құштар,
Өзеніндей бойымда арын-күш бар.
Мен жазықта сүрінсе, сүрінермін,
Сонда-дағы шыңдарға үңілермін.
Шыққан сайын биікке шынығамын,
Əр тасынан құпия сыр ұғамын.
Баурайында сырласып орманымен,
Көкірегімнен қанша жыр толғадым мен.
Құмарлығым шың-құзға қыраныңдай,
Құштарлықты кім көрген, сірə, мұндай





Пікір жазу