11.09.2022
  109


Автор: Рза Қунақова

Егізбін деп өзіңмен айта алмадым....

Егізбін деп өзіңмен айта алмадым,
Айтсам деген ниеттен қайта алмадым.
Қашан да биік тұлғаң ел алдында,
Сенің, құрбым, өмірге бай талғамың.
Шіркін-ай, оралса сол қайта арманым,
Дəл сендей мен бір əнді айта алмадым.
Сен көк теңіз болғанда, мен – шағала,
Айдыныңда қалықтап ой толғадым.
Ой толғадым, жарыстым толқыныңмен,
Өрімтал бойжеткендей толқыдым мен.
Тербетеді сұр қайық екеумізді,
Тым бақытты сезіндім сол күні мен.





Пікір жазу