11.09.2022
116
Сен мені сағынбасаң...
Сен мені сағынбасаң,
Жырыңа қоспас едің.
Сен мені сағынбасаң,
Жолымды тоспас едің.
Сен мені іздемесең,
Бұлбұл боп сайрамас ең.
Сен мені іздемесең,
Гүл-гүл боп жайнамас ең.
Сен мені сағынбасаң,
Мұңлы өлең айтпас едің.
Алматының бағында сан
Серуендеп қайтпас едің.
Сен мені іздемесең,
Көлдерге бармас едің.
Мен үшін күзде əсем
Гүл болып қалмас едің.