11.09.2022
  105


Автор: Рза Қунақова

БОЗТОРҒАЙЫ СЕКІЛДІ БОЗ ДАЛАНЫҢ

Ойпыр-ай, жəй таппады-ау, жаным менің,
Өртейді, жақындама, жалын демім.
Тыныштықтың ақ құсы – көгершіндей,
Тіледім «ақ болсын» деп жолың сенің.
Шыңдарға жетелесін ақ арманың,
Мезгілсіз сарғаймасын көк орманың.
Анаңдай ақ батасын аямаған,
Жырымды мен де саған көп арнадым.
Жаным бөлек болғанмен, жүрегім бір,
Сен қиналсаң, жасыдым, жүдедім құр.
Сен шаттансаң, шарықтап мен де кеттім,
Қос жүректен қуаныш үдеді жыр.
Шіркін-ай, жай таппайды жаным менің,
Жақындама, өртейді жалын лебім.
Бозторғайы секілді боз даланың
Сайрайыншы, тыңдасын қалың елім.





Пікір жазу