11.09.2022
94
БƏРІ СЫЯР ӨЗІҢЕ
Мен сені
Алтыннан да жақсы көрем,
Өзің бе,
Деймін ғұмыр-ғасыр деген.
Мен сені
Жұлдыздардан сəлем айтқан
Ақ нөсерден жаралған жасын дер ем.
Мен сені
Таудағы ақ жауын көрем,
Өзіңдей
Болар қорған – бауыр деген.
Байқамай намысыңа тисе біреу,
Өзіңді теңіздегі дауыл дер ем.
Өсының бəрі сияр бір өзіңе –
Көктем, жаз,
Қаһарлы қыс мінезіңе.
...Адам да айнымастай тартып туған,
Таңғажайып,
Табиғаттың бір өзіне.