11.09.2022
91
Көңіл кейде шарбы бұлттай сөгілер...
Көңіл кейде шарбы бұлттай сөгілер,
Көздің жасы сонда көл боп төгілер.
Тас қабақтан найза кірпік жасқанып,
Жүрек жүдеп, жаның жасып егілер.
Мұңайма сен, ондай сəтте қиналма,
Сапарға шық, жедел ғана жинал да.
Жеңбек емес екеумізді қайғы мұң,
Қос жүректе жыр менен əн, күй барда.