11.09.2022
127
ӨЛЕҢ ЖАЗУ ҮШІН ДЕ
– Сауығасың, – деді анам түсімде,
Күліп тұрды гүлзар бақтың ішінде. –
Жазылуың керек шығар сырқаттан,
Достарыңа өлең жазу үшін де.
Бұлбұл тұрды тереземнен үн қатып,
«Жеңесің сен, жеңілер, – деп, – сырқатың».
Бар дертімнен айыққандай болдым мен,
Жыл құсындай жеткен кезде бір хатың.
Күте-күте таусылғанда төзімім,
Ашып айтпай, жасырудың өзі мін.
Бəрін сол хат ұмыттырып жіберді,
Жатқанында жанымды сəл езіп мұң.
– Сауығасың, – деді анам түсімде,
Күліп тұрды ол палатаның ішінде.
Жазылуым керек шығар ертерек,
Достар үшін, өлең жазу үшін де.