11.09.2022
119
Көңілден серпілердей нала-мұңды....
Көңілден серпілердей нала-мұңды,
Сыйладың маған алтын қаламыңды.
Қыран ғой деп ойлаушы едім,
тұрағы – шың,
Жаның да дарқан екен дала сынды.
Көңілім көп адамнан биік еді,
Сен менің шын ұнатып сүйіп едің.
Сəлемдесуге ұсынған қол ыстығы
Электрдің тоғындай тиіп еді.
Əйтеуір, үнсіз қалдым ұрғандай ток,
Қызардым қарсы алдымда тұрғандай шоқ.
Мүсіндей қатып қалдым қозғалмастан,
Айтшы өзің, маған тиген бұл қандай оқ?