meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  11.09.2022
  136


Автор: Рза Қунақова

Құс болсам саған ұшып жетер едім...

Құс болсам саған ұшып жетер едім,
Шарықтап көк жүзіне кетер едім.
Өзіңдей əнші болсам аққу үнді,
Əндетіп бұл өмірден өтер едім.
Гүл болсам, жұпарымды себер едім,
Нөсер болсам, ақ маржан төгер едім.
Шалындым ба өрт сезім жалынына,
Бұлқынады жүрегім неге менің?
Еркін өскен елік ем, бағындырдың,
Жақын маңда жүрсең де, сағындырдың.
Сенсіз жерде адасқан қаздай болам,
Өзіңсіз көктемейді бағы жырдың.





Пікір жазу