11.09.2022
98
АҚЫН КЕЛЕ ЖАТҚАНДАЙ
Бұл көшенің əр таңы өлеңменен атқандай,
Бұл көшенің əр кеші өлең, жырмен батқандай.
Шаңырағын өлеңін шабытпенен көтеріп,
Өлең оқып күмбірлеп, ақын келе жатқандай.
Күн де мұнда нұрын төгіп,
шашады таң шапағын,
Бұлбұл құс та осында шырқайды алғаш шат əнін.
(Ертелі-кеш осында серуендейді ұлы ақын,
Жамылып-ап желбегей иығына шапанын).
Бүрін жарып ағаштар, гүлдер шашар шешегін,
Тұрғыны бар бойында алуан түрлі неше мың.
Келе жатыр қолтықтап қалың-қалың томдарды
Ақын ата аяңдап ортасымен көшенің.
Кейде тұрып ұлы ақын ойға қатты батады,
Кейде ұйқысыз сызылып, таң бозарып атады.
Таң атқанша жалтырап бұл көшеде шам жанып,
Шумақ-шумақ дүниеге өлең келіп жатады