11.09.2022
  142


Автор: Рза Қунақова

ҚЫЗ СЫРЫ

Жаныма жақын келдің де,
Алқызыл гүл ұсындың.
Қиыла қарап бердің де,
Қызардың, құрбым, қысылдың.
Менің де тулап жүрегім,
Гүліңді алып түсіндім.
Айтса-дағы реңім
«Сүйемін» деуге қысылдым.
Жайбарақат жүр едім,
Жаныма бір шоқ түсірдің.





Пікір жазу